Қазақстандық таеквондошылар Болгариядағы турнирде бес алтын медаль еншіледі

Қазақстандық таеквондошылар Болгариядағы турнирде бес алтын медаль еншіледі

Қазақстан құрамасы таеквондодан София қаласында (Болгария) өткен Bulgaria Open-2026 халықаралық турнирінде 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-не сілтеме жасап.

Аталған байрақты бәсекеде Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Тоғжан Қазнабек (57 келіге дейін), Жавохирхон Исламов (58 келіге дейін), Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) алтын медальға ие болды.

87 келіден жоғары салмақта Бейбарыс Қаблан жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Ал Айдана Құмартаева (46 келіге дейін), Жанель Сұлтанғалиева (46 келіге дейін), Нодира Ахмедова (49 келіге дейін), Жазира Иссина (57 келіге дейін), Батырхан Кусетов (80 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға жайғасты. Ресей бірінші орын алса, Иордания үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстанда алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа берген уәдесін орындады

Қазақстандық әскери спортшылар Үндістанда қола медаль алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или