Юлия Галышева мансабына қатысты пікір білдірді

Юлия Галышева мансабына қатысты пікір білдірді

Қазақстанның ең титулды могулисткасы Юлия Галышева 2026 жылғы Олимпиададағы өнерін қорытындылап пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Келісімшарт бойынша маған Әлем кубогының тағы екі кезеңіне қатысу қажет: Алматыда (7–8 наурыз) және Әзербайжандағы Шахдагта (14–15 наурыз). Одан кейін үлкен спорттан кету туралы ойлануым мүмкін. Бірақ әзірге кесіп-пішіп шешім қабылдамаймын. Қатты шаршадым. Aздап демалып, тыныс алғым келеді. Ал болашақта немен айналысамын? Бұл туралы әлі ойланған да жоқпын. Маған заңгерлік білім алуды ұсынып жүр. Мен қазірдің өзінде полковник шеніне дейін жеттім. Кім білсін, бәлкім, генерал да болып қалармын?» — деп сөзін түйіндеді Юлия Галышева.

Италиядағы олимпиадалық трассада Галышева могул сайысында 14-орынды, ал параллель могулда 13-орынды иеленді.

Қазақстан қыздары жасөспірімдер әлем чемпионатында топ жарды

Әлем чемпионаты: Қазақстандық конькиші тағы алтын алды

Қазақстандық конькиші әлем біріншілігінен алтын алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или