Абат Айымбетов «Петролул» сапындағы алғашқы матчын өткізді
Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов румыниялық «Петролул» клубындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Румыния Суперлигасының 29-туры аясында өткен «Меркуря-Чук» командасына қарсы ойында алаңға шықты. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Матчтағы есеп 51-минутта ашылды — алаң иелері сапынан Рареш Поп көзге түсті. 62-минутта қонақтар сапынан Лоранд Пацка пенальтиді дәл орындап, таразы басын теңестірді. Айымбетов ойынды қосалқы құрамда бастап, 83-минутта алаңға шықты. Қазақстандық форвард нәтижелі әрекетпен көзге түскен жоқ.
29 турдан кейін «Петролул» Румыния чемпионатының турнирлік кестесінде 12-орында келеді. Команда қоржынында 35 ұпай бар. Келесі кездесуін «Петролул» 10 наурыз күні сырт алаңда «Клужға» қарсы өткізеді.
Абат Айымбетов мансабын Румынияда жалғастырады
Максим Самородовтың командасы өз алаңында жеңіске жетті
Зайнутдиновтың «Динамосы» «Крылья Советовты» ірі есеппен жеңді