Қазақстанда алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогын қабылдайды
Қазақстан тарихында тұңғыш рет семсерлесуден Әлем кубогының кезеңі елімізде өтетін болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.
26-29 наурыз аралығында Астанадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде беделді халықаралық турнир жалауын көтереді.
Жарысқа әлемнің 96 елінен 600-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Әлем кубогының кезеңі ерлер мен әйелдер арасында жекелей және командалық сындар бойынша ұйымдастырылады.
"Мен семсерлесумен алғаш айналыса бастаған кезде, Әлем кубогының бір кезеңі Қазақстанда өтеді деп елестете де алмаған едім. Біз үшін мұндай турнирлер әрдайым алыс елдерде - Италия, Франция, Венгрия секілді семсерлесу дәстүрі қалыптасқан мемлекеттерде өтетін, әлемнің үздік спортшылары сонда жиналатын.
Бүгін біз Әлем кубогының маңызды кезеңдерінің бірін өз елімізде қабылдап отырмыз. Бұл - ел үшін де, қазақ семсерлесуі үшін де зор мақтаныш. Мұндай ірі жарыстар жайдан-жай сеніп тапсырылмайды. Бұл - біздің деңгейіміздің мойындалғанын білдіреді. Сондықтан біз, спортшылар үшін, тек шетелде ғана емес, өз жерімізде де сол деңгейге сай өнер көрсету - үлкен жауапкершілік", - деді Руслан Курбанов.
Дереккөз: Федерацияның баспасөз қызметі.