«Странджа» турнирі: Қазақстан үздік үштіктен орын алды
Өзбекстан құрамасы Болгарияның София қаласында өткен «Странджа» халықаралық бокс турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өзбекстан құрамасы ерлер мен әйелдер арасында жалпы медальдар есебінде бірінші орын алды. Ерлер командасы үш алтын, екі күміс және төрт қола медаль жеңіп алып, бірінші орын алды, ал әйелдер командасы төрт алтын, екі күміс және екі қола медальмен көш бастады.
Қазақстан құрамасы бар болғаны төрт алтын медаль қоржынға салып, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды.
Еске сала кетейік, Странджа турнирі «Кіші бокс әлем чемпионаты» деп те аталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или