АПЛ: «Арсенал» екі бұрыштаманың арқасында Лондон дербиінде жеңіске жетті (бейнешолу)
«Арсенал» Англия Премьер-лигасының 28-ші турында өз алаңында «Челсиді» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Эмирейтс» стадионында өткен матч 2-1 есебімен аяқталды. «Арсенал» 21-минутта Уильям Салибаның голының арқасында есеп ашты. «Челси» 45-минутта таразы басын теңестірді. Юрриен Тимбер 66-минутта «Арсеналдың» жеңісті голын соғып кетті. 70-минутта Педро Нето екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылып, «Челсиді» он футболшымен қалдырды.
Айта кетейік, матчтағы үш гол да бұрыштамадан кейін соғылды.
«Арсенал» 64 ұпай жинап, екінші орында тұрған «Манчестер Ситиден» бес ұпай озып кетті, бірақ Пеп Гвардиоланың командасы бір ойын кем өткізген. «Челси» 45 ұпаймен турнир кестесінде алтыншы орында тұр.
Самородов РПЛ-дағы жеңісті голынан кейін қандай баға алды?
«Карабах» қазақстандық қақпашының командасына қарсы ойында камбэк жасады