Қазақстан Албаниядағы турнирде үш медаль еншіледі

Қазақстан Албаниядағы турнирде үш медаль еншіледі

Албанияның Тирана қаласында өткен рейтингтік турнирде грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы медальдар тізімінде төртінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық балуандар үш медаль жеңіп алды — бір алтын және екі қола. Мейіржан Шермаханбет (67 келі) өз салмағында қарсылас шақ келтірмеді. Марлан Мұқашев (55 келі) мен Ернұр Фидахметов (63 келі) қола медаль жеңіп алды.

Ресей бес алтын, екі күміс және бес қола медаль жеңіп алып, медальдар тізімінде көш бастады. Әзірбайжан екі алтын және үш қола медальмен екінші орын алды. Иран екі алтын, бір күміс және бір қола медаль еншілеп, алғашқы үштікке енді.


Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды

Екі қазақстандық Grand Slam турнирінде қола жүлде алды

Әбиба Әбужақынова шетелдік бапкерлер туралы пікір білдірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или