«Ювентус» пен «Рома» Римдегі матчта алты гол соқты

«Ювентус» пен «Рома» Римдегі матчта алты гол соқты

Италия футбол чемпионатының 27-ші турындағы орталық матчында Римде «Рома» «Ювентуспен» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Римдегі ойын 3-3 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Уэсли, Эван Н'Дика және Дониелл Мален гол соқты. «Ювентус» қатарынан Франсиско Консейсао, Жереми Бога және Федерико Гатти мергендігімен көзге түсті.

Матч барысында туриндіктер 1:3 есебімен жеңіліп жатқан еді. 

«Романың» 51 ұпайы бар, команда турнир кестесінде төртінші орында тұр. «Ювентус» (47 ұпай) алтыншы орында. Лучано Спаллеттидің командасы лигада төрт ойын бойы жеңіске жете алмай келеді.

«Рома» келесі ойынын 8 наурыз күні сырт алаңда «Дженоамен» кездеседі, ал «Ювентус» бір күн бұрын «Пизаны» қабылдайды.


Ламин Ямаль Еуропа футболының тарихын жаңартты

Бундеслигасының орталық матчында бес гол соғылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или