Қазақстан Странджа кубогында төрт алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан Странджа кубогында төрт алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы бокстан София қаласында (Болгария) өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінде төрт алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Даниял Сәбит (50 келіге дейін), Элина Базарова (54 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) алтын медаль жеңіп алды.

Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін) және Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Ал Әнел Сақыш (54 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) қола жүлдемен жарысты аяқтады.

Бес секундта-ақ нокаутпен сұлатып түсірді!


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или