Соңғы жарыс күнінде ел қоржынына алтынды Вадим Чебардаков салды. Ол масс-стартта жеңіске жетіп, қашықтықты 5:29.87 уақытпен бағындырды және 34 спринтерлік ұпай жинады.
Осылайша Қазақстан құрамасы турнирді жалпы жеті медальмен түйіндеді. Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында, сондай-ақ кіші көпсайыста бірінші орын алды. Бұдан бөлек, ол 3000 метрде күміс жүлде иеленді.
Әйелдер құрамасы командалық спринтте де топ жарды. Бұл сында Қазақстан намысын Кристина Шумекова, Анастасия Беловодова және Варвара Глухова қорғады.