Зайнутдинов матчқа қатысқан жоқ

Зайнутдинов матчқа қатысқан жоқ

1 наурыз күні Мәскеудің «Динамосы» өз алаңында «Крылья Советовпен» РПЛ-дің 19-туры аясында кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 4:0 есебімен мәскеулік клубтың пайдасына аяқталды. Ойынның 15-минутында Константин Тюкавин есеп ашты. 26-минутта Нгамале пенальтиді дәл орындап, есепті 2:0-ге жеткізді. 34-минутта Антон Миранчук үшінші голды соғып, басымдықты арттырды. 72-минутта Ярослав Гладышев самаралықтардың қақпасын дәл көздеп, матчтың нүктесін қойды.

Бұл жеңістен кейін «Динамо» 24 ұпаймен турнир кестесінде жетінші орынға көтерілді. «Крылья Советов» 17 ұпаймен 13-сатыда тұр.

Айта кетейік, мәскеулік клуб сапындағы қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов бұл ойынға қатысатын құрамға енгізілген жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или