Гарри Кейн Бундеслигада қатарынан төрт матчта екіден көп гол соқты

Гарри Кейн Бундеслигада қатарынан төрт матчта екіден көп гол соқты

«Бавария» шабуылшысы Гарри Кейн Германия Бундеслигасында қатарынан төрт матчта екі немесе одан көп гол соғып, ерекше көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 ақпанда өткен турда ағылшын футболшысы Дортмундта «Боруссияға» қарсы ойында дубль авторы атанды. Кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Матч «Дортмунд» стадионында өтті.

Кейнге дейін мұндай нәтижеге тек 1967 жылы дортмундтық «Боруссия» ойыншысы Лотар Эммерих пен 2001 жылы «Вольфсбург» сапында өнер көрсеткен Томислав Марич қана қол жеткізген. Қазіргі маусымда Кейн 24 матчта 30 гол соғып үлгерді.

«Бавария» 24 турдан кейін 63 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр. Екінші орында келе жатқан дортмундтық «Боруссиядан» арадағы айырмашылық — 11 ұпай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или