Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты жарыстар кейінге шегерілді
Катар футбол федерациясы ел аумағындағы барлық турнирлерді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұйымның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, шешім 1 наурыздан бастап күшіне енеді және қосымша хабарламаға дейін жалғасады. Жарыстардың қашан қайта басталатыны кейінірек белгілі болады.
Айта кетейік, 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға қарсы әскери операция бастаған. Кейін Mehr агенттігі Иран АҚШ-тың Бахрейн, Иордания, Катар, Кувейт, БАӘ және Сауд Арабиясындағы әскери базаларына жауап соққы жасағанын хабарлады. Аймақтағы бірқатар елдер әуе кеңістігін жапты, ал әуе компаниялары рейстерін уақытша тоқтатқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или