Жекпе-жектен соң жаппай төбелес шыққан
UFC ұйымының жеңіл салмақтағы өкілі Арман Царукян АҚШ-тың Аризона штатында өткен RAF 06 турниріндегі жанжалға қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған жарыста Царукян еркін күрес ережесі бойынша америкалық Джорджио Пулласпен белдесіп, 5:3 есебімен жеңіске жеткен. Алайда жекпе-жек аяқталғаннан кейін спортшы эмоциясына ерік беріп, қарсыласына шабуыл жасаған. Бұған дейін Пуллас айқас барысында арандатушылық әрекеттерге барғаны айтылған.
Оқиға салдарынан зал ішінде жаппай төбелес басталған. Кейін Царукян әлеуметтік желідегі парақшасында «Көтерілсең — көресің» деп жазба қалдырды.
Өз кезегінде Джорджио Пуллас қарсыласына жауап беріп, дөрекі сөзбен пікір білдірген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или