Инцелльде командалық спринтте алтын жеңіп алды

Инцелльде командалық спринтте алтын жеңіп алды

Германияның Инцелль қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы конькимен жүгіруден бірінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшылар командалық спринтте жеңіске жетті. Мәреге жеткен уақыт — 1:28.77. Бұл сында ел намысын Кристина Шумекова, Анастасия Беловодова және Варвара Глухова қорғады.

Күміс жүлде Польша құрамасына бұйырды — 1:28.94. Қола медальды Канада спортшылары иеленді — 1:29.25.

Айта кетейік, бұған дейін Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында бірінші орын алып, 3000 метрде екінші нәтиже көрсеткен. Сондай-ақ ол кіші көпсайыста да жеңімпаз атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или