Мерсисайдтықтар құрамды 25 жастағы жартылай қорғаушының айналасында құрмақ

Мерсисайдтықтар құрамды 25 жастағы жартылай қорғаушының айналасында құрмақ

«Ливерпуль» клубының басшылығы Доминик Собослайды ұзақ мерзімді перспективада команданың негізгі ойыншысы ретінде қарастырып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы The Touchline парақшасы X әлеуметтік желісінде жазды.

Дереккөз мәліметінше, мерсисайдтықтар болашақта құрамды 25 жастағы венгриялық жартылай қорғаушының төңірегінде жасақтауды жоспарлап отыр. Клубта биылғы маусымда Собослайды шеберлігімен қатар, көшбасшылық қасиеттері үшін де жоғары бағалаған.

Ағымдағы маусымда Собослай барлық турнирде 37 матч өткізіп, 10 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берген. Оның «Ливерпульмен» келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін күшінде. Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 85 миллион еуро деп бағалайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или