Клуб басшылығы құжаттарды уақытында рәсімдемеген

Клуб басшылығы құжаттарды уақытында рәсімдемеген

Петропавлдық «Қызылжардың» бірқатар шетелдік футболшылары команда уақытша орналасқан Қостанайға ұшып келе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz ASnews.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселенің себебі — визалардың болмауы. Клуб менеджменті қажетті құжаттарды алдын ала рәсімдемеген. Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарынан ұшардан бір күн бұрын ғана «Қызылжар» Қазақстан консулдықтарына жүгінген, алайда теріс жауап алған.

КПЛ-2026 маусымындағы алғашқы матчта петропавлдық ұжым 8 наурыз күні «Каспиймен» кездеседі. Клубтың бас менеджері Әлішер Апсалямов мәселені шешуге тырысып жатыр. Дегенмен легионерлердің бірінші ойынға дейін Қазақстанға үлгеріп келе ме, жоқ па — әзірге нақты ақпарат жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или