Қазақстандық балуандар Албаниядағы турнирде тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуандар Албаниядағы турнирде тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Тиранада (Албания) күрес түрлерінен өтіп жатқан рейтингтік турнир жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.

Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы тағы екі алтын медаль жеңіп алды.

72 келіге дейінгі салмақта Жәмилә Бақбергенова жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Ал грек-рим күресінің өкілі Мейіржан Шермаханбет 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін бұл турнирде Зейнеп Баянова (50 келіге дейін) мен Лаура Алмағамбетова (55 келіге дейін) чемпион атанған еді.

Сондай-ақ әйелдер құрамасының қоржынына екі қола жүлде түсті. Нилуфар Раимова (57 келіге дейін) мен Гүлмарал Еркебаева (76 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысына жайғасты.


Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды

Екі қазақстандық Grand Slam турнирінде қола жүлде алды

Әбиба Әбужақынова шетелдік бапкерлер туралы пікір білдірді

Қазақстандық дзюдошы допинг дауына ілікті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или