«Қызылжар» легионерлері визаның болмауына байланысты Қазақстанға келе алмады

«Қызылжар» легионерлері визаның болмауына байланысты Қазақстанға келе алмады

Петропавлдық «Қызылжар» клубының бірнеше шетелдік футболшысы команда орналасқан Қостанай қаласына ұшып келе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған себеп – визаның жоқтығы. Клуб басшылығы бұл мәселені алдын-ала қарастырмаған. Түркияда өткен оқу-жаттығу жиындарынан елге қайтуға бір күн қалғанда ғана «Қызылжар» өкілдері Қазақстан елшілігіне жүгінген, алайда теріс жауап алған.

Петропавлдық клуб 2026 жылғы ҚПЛ маусымындағы алғашқы ойынын 8 наурызда «Каспийге» қарсы өткізеді. Қазіргі уақытта клубтың бас менеджері Әлішер Апсалямов бұл мәселені шешуге тырысуда, бірақ легионерлердің алғашқы матчқа дейін Қазақстанға келу-келмеуі әзірге белгісіз.


Шымкент қаласындағы 35 000 орындық жаңа футбол стадионының макеті көрсетілді(видео)


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или