«Странджа» турнирі: Финалдық жекпе-жектердің тікелей трансляциясы

«Странджа» турнирі: Финалдық жекпе-жектердің тікелей трансляциясы

Бүгін, 1 наурызда Болгарияның София қаласында бокстан «Странджа Кубогы» халықаралық турнирінің финалдық кездесулері өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстаннан алты спортшы алтын медаль үшін бақ сынайды. Барлық кездесулер Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де басталатын түстен кейінгі сессияда өтеді. Тікелей эфир осы сілтеме арқылы қолжетімді болады. 

Түстен кейінгі сессия (сағат 17:00)

2-ші жұп. Әйелдер 54 келі. Элина Базарова - Лорен Макки (Англия)

5-ші жұп. Әйелдер 65 келі. Лаура Есенгелді - Навбахор Хамидова (Өзбекстан)

8-ші жұп. Әйелдер 80 келі. Надежда Рябец - Ярен Дузтас (Түркия)

9-шы жұп. Әйелдер 80+ келі. Валерия Аксенова - Олтина Сотимбоева (Өзбекстан)

11-ші жұп. Ерлер 50 келі. Даниял Сабит vs. Билалхабаши Назаров (Әзірбайжан)

15-ші жұп. Ерлер 70 келі. Фарух Тоқтасынов vs. Лавант Браунли (АҚШ).

Айта кету керек, «кіші әлем чемпионаты» деп те аталатын Странджа кубогы Еуропадағы ең көне бокс турнирі. 

Биылғы турнирге Қазақстаннан 39 спортшы қатысты. Тек алтауы ғана финалға дейін жетіп отыр.


Бес секундта-ақ нокаутпен сұлатып түсірді!


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или