Қазақстандық дзюдошылар Испаниядағы Еуропа кубогында төрт медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошылар Испаниядағы Еуропа кубогында төрт медаль жеңіп алды

28 ақпанда Испанияның Мостолес қаласында жастар арасындағы дзюдодан Еуропа кубогы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

Турнирдің алғашқы жарыс күнінде Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы сенімді өнер көрсетіп, бір алтын, екі күміс және бір қола медаль иеленді.

78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Руслана Махатова топ жарып, командаға алтын жүлде сыйлады.

Күміс медальді Қайыргали Роллан (66 кг дейін) мен Гүллсезім Турлыбек (78 кг дейін) еншіледі.

73 келіге дейінгі салмақта Мухамедәлі Закиров қола жүлдегер атанды.

Айта кету керек, жастар арасындағы Еуропа кубогына 23 елден 503 спортшы қатысып, турнирдің бәсекелестік деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или