Шымкент қаласындағы 35 000 орындық жаңа футбол стадионының макеті көрсетілді(видео)

Шымкент қаласындағы 35 000 орындық жаңа футбол стадионының макеті көрсетілді(видео)

Шымкентте 35 000 орындық футбол стадионының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шымкенттегі болашақ футбол стадионының макетінің видеосы Abzal_rp Instagram аккаунтында жарияланды. Ол жергілікті «Ордабасы» командасының үй аренасы болады. Кадрдан арена дәстүрлі сопақша пішінде жобаланғаны және жиналатын шатырмен жабдықталатыны көрінеді. Стадионның айналасында үлкен тұрақ және қоғамдық бақша жоспарлануда.

Видео авторының айтуынша, 35 000 орындық стадион қала тарихындағы ең ірі спорт нысаны болады.

2024 жылдың жазында Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданының «Тұран-2» шағын ауданындағы футбол стадионының cалына бастағанын ресми мәлімдеді. Бастапқыда құрылыс 2026 жылдың ортасына дейін аяқталуы жоспарланған болатын. 2025 жылдың соңында құрылыс қарқыны өте баяу екені хабарланды.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или