Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев Сингапурде ширек финалға дейін жетті
Қазақстандық Алан Құрманғалиев Сингапурде өтіп жатқан WTT Singapore Youth Smash халықаралық турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
19 жасқа дейінгі жас тобында өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Доминикас Самуолисті (Дания) 4-1, Ю Хайянды (Қытай) 4-1, Сеа Бенаяны (Сингапур) 4-3 және Лой Син Яоны (Сингапур) 4-0 есебімен жеңді.
Ширек финалда Құрманғалиев Эмануэль Оталвародан (Колумбия) драмалық кездесуде 3-4 есебімен жеңілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или