Шермаханбет Тиранадағы турнирде алтын алды

Шермаханбет Тиранадағы турнирде алтын алды

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Мейржан Шермаханбет Албания астанасы Тиранада өткен Muhamet Malo рейтингілік турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда Шермаханбет грузиялық Диего Чхиквадземен белдесіп, 5:1 есебімен басым түсті. Осылайша қазақстандық балуан алтын медаль иеленді, ал қарсыласы күміс жүлдемен шектелді.

Турнир барысында Мейржан Шермаханбет эквадорлық Андрес Роберто Монтаньо Арройоны 9:0 есебімен, әзербайжандық Махаммад Шукурзадені 4:0 нәтижесімен және грузиялық Джони Хецурианиді 3:1 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или