«XDS Astana Team» Бельгиядағы беделді жарысқа қатысты

«XDS Astana Team» Бельгиядағы беделді жарысқа қатысты

«XDS Astana Team» командасының шабандоздары Бельгияда өткен біркүндік «Omloop Nieuwsblad» веложарысына қатысты, деп хабарлайды prosports.kz.

Ұзындығы 207,2 шақырымға созылған беделді бәсекеде «Alpecin-Premier Tech» командасының өкілі Маттье ван дер Пул жеңімпаз атанды. Ол қашықтықты 4 сағат 53 минут 55 секундта жүріп өтті. Екінші орынды «Red Bull-BORA-hansgrohe» сапындағы Тим ван Дейке иеленіп, жеңімпаздан 22 секундқа қалып қойды. Үшінші болып «UAE Team Emirates-XRG» командасының велошабандозы Флориан Вермеерш мәреге жетті, оның уақыты жеңімпаздан 24 секундқа баяу болды.

Қазақстандық ұжым сапында ең үздік нәтижені Майк Тёниссен көрсетті. Ол 26-орын алып, жеңімпаздан 1 минут 55 секундқа артта қалды. Давиде Баллерини 41-болып келді, оның көрсеткіші — 2 минут 2 секунд айырмашылық.

Альберто Беттиол жарысты 100-орында аяқтады. Аарон Гейт 121-орынға, Алессандро Ромеле 125-орынға тұрақтады. Үшеуі де тоғыз минуттан астам уақытқа қалып қойды. Ал Лев Гонов пен Арьен Ливинс жарысты аяқтай алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или