Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері бастаманы өз қолына алды. Есепті Рафаэль Алмейда ашты, көп ұзамай Ромуло есеп айырмасын ұлғайтты. Үзіліске дейін қонақтар Кияс Тилектің дәл соққысының арқасында бір голды қайтарды.
Екінші таймда Жасқанат Тұрғанбектің голынан кейін есеп теңесті. Алайда кейін ойын тізгіні қайтадан «Қайраттың» қолына өтті. Лукас Отанья алматылықтарды алға шығарса, Кайо Руиз басымдықты арттырды. Матч соңында Жахангир Рашит, Кайо Руиз және Отанья тағы да гол соғып, қорытынды есепті 8:3 етіп бекітті.
Осы жеңістен кейін «Қайрат» 62 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. «Шымкент» 10 ұпаймен соңғы орында қалып отыр.