Қарағандылық клуб турнирлік кестедегі орнын сақтап қалды
Қазақстан футзал чемпионатының 27-туры аясында «Ақтөбе» өз алаңында қарағандылық «Тұлпарды» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Есеп 4-минутта ашылды — Владимир Вольман мергендік танытты. Үш минуттан кейін жылдам комбинациядан соң Кирилл Дуров қонақтардың басымдығын арттырды. Алаң иелері Нұрқанат Бахтияровтың голы арқылы айырманы қысқартты. Алайда көп ұзамай Бекежан Апсалямов пен Георгий Калачев дәл соққыларымен есепті ірі айырмаға жеткізді.
Екінші таймда Бахтияров дубль авторы атанып, есепті қысқартты. Одан кейін Нурабек Қабылбаев таблода 4:3 есебін тіркеді. Матч соңында «Ақтөбе» бесінші ойыншыны шығарып, шабуылды күшейтті. Бірақ қарсы шабуылда Апсалямов екінші голын соғып, нүкте қойды.
Қорытынды есеп — 5:3 «Тұлпардың» пайдасына.
Бұл жеңістен кейін қарағандылық клуб 37 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орнын сақтап қалды. «Ақтөбе» 61 ұпаймен екінші орында қалды.