Атақты файтер жаңа қызметке тағайындалды

Атақты файтер жаңа қызметке тағайындалды

Pride FC ұйымының ауыр салмақтағы бұрынғы чемпионы, 48 жастағы ресейлік Федор Емельяненко Ресей ММА одағының құрметті президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz Чемпионатқа сілтеме жасап.

Емельяненко кәсіби ММА-дегі алғашқы жекпе-жегін 2000 жылдың тамызында өткізді. Ол мансабын 2023 жылдың ақпанында аяқтады. Кәсіби карьерасында 40 жеңіске жетіп, оның 31-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Сондай-ақ жеті рет жеңіліс тапқан, бір жекпе-жек есепке алынбаған.

Федор Марк Коулман, Ренату Собрал, Гарри Гудридж, Кевин Рэндлман, Марк Хант, Мирко Филипович, Тим Сильвия, Андрей Орловский, Антонио Рожериу Ногейра секілді танымал қарсыластарды жеңген. Көптеген беделді сарапшылар мен басылымдар оны ММА тарихындағы ең үздік жауынгерлердің бірі ретінде бағалайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или