«Қайрат» негізгі уақытта есепті теңестіргенімен, жеңісті жіберіп алды

«Қайрат» негізгі уақытта есепті теңестіргенімен, жеңісті жіберіп алды

Алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогы үшін өткен матчта кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz. Ойын «Астана Аренада» өтті. Кездесудің бас төрешісі — оралдық Денис Тевяшов.

Есеп 6-минутта ашылды: Луис Герра «Қайрат» қорғанысының қателігін пайдаланып, «Тобылды» алға шығарды — 0:1. 20-минутта алматылықтар таразы басын теңестірді. Қостанайлықтардың айып алаңындағы қарбаластан кейін Александр Мрынский допты қақпаның алыс бұрышына дәл бағыттап, есепті 1:1 етті.

26-минутта Неманья Кавнич Жоржиньоны ереже бұзып тоқтатты. Жоржиньо пенальтиді орындай алмады — Сұлтан Бусурманов соққыны қайтарды. Алайда допқа алғаш жеткен Яакко Оксанен «Қайратты» қайта алға шығарды — 2:1.

Екінші таймда қос команда бірқатар ауысу жасады, алаңға Дастан Сатпаев шықты. Матчтың шешуші сәті 89-минутта тіркелді: Асхат Тағыберген айып добынан дәл соққы жасап, есепті 2:2-ге жеткізді. Ойын пенальти сериясына ұласты.

Он бір метрлік соққылар сериясында «Тобыл» ойыншылары дәл орындап, 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Қазақстан Кубогының иегері ел Суперкубогын тарихында төртінші рет жеңіп алды.

«Қайрат» — «Тобыл» 2:2 (2:1), пенальти 4:5

Голдар: Герра, 6 (0:1); Мрынский, 20 (1:1); Оксанен, 26 (2:1); Тағыберген, 89 (2:2).

Пенальти сериясы: Рикардиньо — 0:0 (қақпашы қайтарды), Жумашев — 0:1, Оксанен — 1:1, Асранкулов — 1:2, Касабулат — 2:2, Тағыберген — 2:3, Байбек — 3:3, Ндиайе — 3:4, Сатпаев — 4:4, Жумат — 4:5.

Орындалмаған пенальти: Жоржиньо, 26 (қақпашы).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или