Қазақстандық боксшы өзбек қарсыласынан жеңіліп қалды

Қазақстандық боксшы өзбек қарсыласынан жеңіліп қалды

Қазақстандық боксшы Сұлтанбек Айбарұлы Болгарияда өтіп жатқан Странджа кубогының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/4 финалда 85 кг салмақ дәрежесіндегі ол 2025 жылы Ливерпульде әлем чемпионы атанған Акмалжон Исроиловтан ұтылды.

Бірінші раундты Қазақстан боксшысы жеңсе де, соңғы екі раундты Исроилов иемденіп, жартылай финалға шықты және турнирде кем дегенде қола медальға ие болды.

Қазақстан құрамасы кешкі сессияда тағы төрт жекпе-жек өткізеді, олардың екеуі Өзбекстан боксшыларына қарсы өтеді.

Айта кетелік, странджа кубогында Қазақстан атынан 39 боксшы қатысып отыр: 19 ер және 20 әйел. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или