Израиль барлық футбол матчтарын кейінге шегерді
Израиль футбол федерациясы соңғы екі күнге жоспарланған барлық матчтарды Иранмен шиеленіскен қақтығысқа байланысты тоқтатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ассоциация әлі жарыс күндерін қайта бекіткен жоқ. Сол сияқты, Израильдің басқа спорт федерациялары да ұқсас мәлімдеме жасады.
Айта кетелік, 28 ақпанда Израиль АҚШ-пен бірігіп Иранның ядролық бағдарламасына байланысты алдын ала соққы берді. Оған жауап ретінде Иран АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базаларына ракеталық шабуыл жасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или