Лионель Месси Ақ үйде Трамппен кездеседі

Лионель Месси Ақ үйде Трамппен  кездеседі

Интер Майами плей-офф кезеңінде MLS трофейін жеңіп алғаннан кейін команда АҚШ президентімен ресми кездесуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

The Athletic басылымының мәліметінше, келесі аптада клуб ойыншылары Ақ үйге барып, АҚШ президенті Дональд Трамппен жүздесуі мүмкін. Бұл Лионель Мессидің Ақ үйге жасайтын алғашқы сапар болмақ.

Мессидің өкілі оның бұл кездесуге нақты қатысатынын растаған жоқ. Алайда сапар 7 наурызда өтетін «Ди Си Юнайтедке» қарсы матч алдында жоспарланған.

Айта кетелік, 2025 жылдың қарашасында «Интер Майами» «Ванкуверді» жеңіп, клуб тарихындағы алғашқы MLS Кубогын иеленді. Ал Месси команда сапына 2023 жылдың жазында қосылған еді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или