«Челси»: ПСЖ-мен кездесу қорқынышты емес!
Челси клубының спорт директоры Дэвид Барнард Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі жеребе қорытындысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалда лондондықтар Пари Сен-Жермен командасымен кездеседі. Қос клуб соңғы рет 2025 жылдың жазында Клубтық әлем чемпионатының финалында жолығып, сол ойында «Челси» 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
«ПСЖ-мен біз жиі ойнаймыз. Олар қазіргі Чемпиондар лигасының жеңімпазы ғой. Әлбетте жанкүйерлер жаздағы финалды еске алады. Қиын матч болады, бірақ бұл біз үшін қорқынышты емес! Турнир кестесін талдауға болады, дегенмен ештеңені алдын-ала шешілген деп қабылдауға болмайды» деді Барнард.
Айта кетелік, алғашқы матч 11 наурыз күні Парижде өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или