Кристина Шумекова үш дүркін әлем чемпионы атанды

Кристина Шумекова үш дүркін әлем чемпионы атанды

Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы бұл жолы 1000 метр қашықтықта топ жарып, мәреге 1:16.34 уақыт көрсеткішімен бірінші болып жетті.

🥈 Екінші орынды жапониялық Аяно Секигучи (1:16.66) иеленсе, 🥉 қола медаль австриялық Джанин Роснерге (1:17.00) бұйырды.

Айта кетелік, бұған дейін Шумекова 500 және 1500 метрде де жеңіске жеткен еді. Осылайша, ол әлем чемпионатының үш дүркін алтын иегері атанып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или