Соня Жиенбаева АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Соня Жиенбаева АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева АҚШ-тың Калифорния штатындағы Аркадия қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің жұптық сынында америкалық Саванна Бродуспен бірге сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалдық кездесуде қазақстандық-америкалық дуэт америкалық Алана Смит пен Акаша Урхобо жұбын 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 24 минутқа созылды.

Бұған дейін, 1/8 финалда олар Мартина Окалова (Словакия) мен Майя Айенгар (АҚШ) жұбын 6:4, 6:0 есебімен сенімді түрде жеңген болатын.

Аркадиядағы турнирдің жүлде қоры 30 000 АҚШ доллар (15 миллион теңге).

Қазақстандық теннисші Швейцариядағы турнирде жеңіліп қалды

Александр Бублик Дубайдағы турнирде жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или