«Странджа» турнирі: Жартылай финалдың тікелей трансляциясы
Софияда бокстан «Странджа кубогы» турнирі өтіп жатыр. Турнирді кіші әлем чемпионаты деп атайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін күндізгі және кешкі сессияларда жеті қазақстандық боксшы финалға жолдама алу үшін бақ сынайды:
Күндізгі сессия сағат 17:00-де басталады.
Ринг А
54 келі. Анель Сакыш — Элина Базарова
Ринг Б
65 келі. Лаура Есенкельды — Грейн Уолш (Ирландия)
75 келі. Валентина Хальзова — Эмма Сью Гринтри (Австралия)
80 келіден жоғары. Валерия Аксенова — Алейна Мехмед (Болгария)
80 келіден жоғары. Дина Исламбекова — Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
Кешкі сессия 21:00 де басталады.
Ринг А
50 келі. Даниял Сабит — Асилбек Джалилов (Өзбекстан)
70 келі. Фарух Тохтасынов — Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан)
Тікелей трансляцияға сілтемелер кейінірек жарияланады.