Бес секундта-ақ нокаутпен сұлатып түсірді!
Доминикандық Брэндон Жан Жан-Луис (4-0, 4 КО) жерлесі Далвинсон Техеданы (0-5) алғашқы секундта-ақ сұлатып, бір ғана соққымен нокаутқа жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.
72,6 келі салмақтағы жекпе-жек Санто-Доминго қаласында өтті. Видео желіде лезде тарап, Жан Жан-Луистің дәл басына жасаған соққысы қарсыласын бірден жерге түсірген сәті көрініс тапты.
Айта кетелік, аталмыш жеңіс Брэндонның кәсіби мансабындағы төртінші кездесу, төртінші нокаут болып тіркелді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или