Тағы да ескі гимн қосылды: Ұйымдастырушылар не дейді?!

Тағы да ескі гимн қосылды: Ұйымдастырушылар не дейді?!

Германияның Инцелль қаласында өткен турнирде 19 жастағы қазақстандық конькимен жүгіруші күтпеген сәтке тап болды. Алтын алған спортшы тұғырға шығып, көк туды көтеріп, әнұранды әуелетпек болғанда ұйымдастырушылар елдің ескі гимнін қосып жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталмыш гимн 2006 жылдан бері ресми қолданыстан алынған болатын. Мұндай жайт алғаш рет емес. Бұған дейін түрлі спортта дәл осы олқылық көрініс тауып жүрді.

Кристина Шумекова Әлем біріншілігінің алтынын алғаш рет алып отырған жоқ. Өткен жылы ол Жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының екі кезеңінде де алтын медаль жеңіп, рекорд орнатқан.

Айта кетелік, жас спортшының жеңісі қазақстандық конькишілер үшін маңызды жетістік болып саналады, бірақ ескі гимннің қосылуы бұл сәттің ауанын бұзғаны рас.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или