«Бәрі ақылды, біз ғана ақымақ?» – Ресейлік бапкер ащы пікір білдірді

«Бәрі ақылды, біз ғана ақымақ?» – Ресейлік бапкер ащы пікір білдірді

СССР спорт шебері, мәнерлеп сырғанаудан құрметті жаттықтырушы Татьяна Тарасова Халықаралық коньки одағының (ISU) төрешілерді сынауға тыйым салу бастамасын қатты сынап тастады, деп хабарлайды Prosports.kz.  

Тарасованың айтуынша, әлемде бар дүниені сынауға әбден болады. Әйткенмен төрешілерге сын көзбен қарауға ISU тарапынан тиым салынып отыр. 

«Төрешілерді сынауға болмай ма?! Бірақ онан өзгенің бәрін сын тепкісіне алуға әбден болады иә? Мәселенки, басшыларды, үкіметті, партияны, атақты өнер адамын аяусыз сынмен тілімдеуге лұқсат. Ал төрешілер адам емес пе? Бұл тек кәсіби қызмет пе? Егер олар әділетсіздік жасаса, оны айтуға мүлдем болмай ма? Мен 70 жыл мәнерлеп сырғанауда жұмыс істедім, Олимпиада чемпиондарын тәрбиеледім. Сонда да мен өз салама қатысты пікірімді ашық айта алмаймын ба? Біз ақымақта олардың бәрі ақылды, білімді, талантты және кінәсіз ғой демек?» деді ол.

Сонымен қатар әйгілі бапкер Одақтан мұндай әділетсіздікті жоюды, пікір алуандығын цензураға ілмеуді сұрады. 

«Әр адам өз пікірін білдіруге құқылы. Әлемдегі әр тұрғынның құқықтары бар. ISU бұл туралы ойлануы тиіс!» деді Тарасова. 

Айта кетелік, Тарасованың бұл мәлімдемесі спорт қоғамында кең талқыға түсті, себебі бұл шешім ашық пікір айту еркіндігі мен әділ баға мәселесіне қозғау салды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или