TRU Boxing: Жәнібек Әлімханұлынан белбеу алынуы керек
«TRU Boxing» youtube арнасының авторы Қазақстанның боксшысы Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы белбеуін сақтап қалағанына наразылық білдір, IBF-ті (Халықаралық бокс федерациясы) әрекет етуге шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Автордың пікірінше, IBF WBO секілді емес, әділ шешім шығарып, Жәнібекті белбеуінен айыруы қажет.
«IBF Жәнібекке қатысты дұрыс шешім қабылдайды деп үміттенемін және оны әлем чемпионы белбеуінен айыруы тиіс. Солай болса, ол оң допинг-тесттен кейін қайта оралып, белбеу үшін күресе алады» деді канал авторы.
Айта кетелік, WBO Алимханұлын бір жылға жекпе-жектен шеттеткенімен, орта салмақтағы чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Ал IBF әлі ресми шешім қабылдаған жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или