«Реал Мадридке» гол соққан футболшы Қазақстанға келді
20 ақпанда 28 жастағы өзбек шабуылшысы Жасур Яхшибоевтің Ташкенттің «Локомотив» клубына ауысқаны туралы жарияланған болатын, деп хабарлайды Prosports.kz.
Инсайдер Нарзулла Сайдуллаев хабарлағандай, Жасур «Локомотивті» тастап, Қазақстанға келді. Ол енді «Ордабасы» сапында ойнайтын болады.
Қазақстанның аталмыш ауыс-түйіске қанша өтемақы төлегені белгісіз, себебі Жасурдың Ташкент клубымен келісімшарты тағы бар.
Айта кетелік, Яхшибоев Молдованың «Шериф» командасы атынан Чемпиондар Лигасында «Реал Мадридке» гол соққаны арқылы танымал. Оның нарықтағы құны 500 000 евроны құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или