Қазақстандық конькиші әлем біріншілігінен алтын алды
Қазақстан құрамасының конькишісі Кристина Шумекова Инцелльде (Германия) өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 500 метр қашықтықта алтын алқа жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шумекова финишке 38,48 секундта жетіп, мәнсабындағы жеке рекордын орнатты. Екінші орынды Джулия Снелгров (Канада) – 38,78 секунд, ал үшінші орынды Виктория Дабровска (Польша) – 38,96 секундпен иеленді.
Аталмыш сындағы Қазақстан спортшыларының нәтижелері:
Анастасия Беловодова – 12 орын;
Варвара Глухова – 13 орын;
Алина Шумекова – 30 орын;
Айзада Рымбек – 54 орын;
Айта кетелік, дәл осы қашықтықта жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанға 2010 жылғы алтын алқаны Екатерина Айдова әкелген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или