«Ақша үшін жүр» – Роднина Самоделкинаға берілген пәтерге пікір білдірді
Мәнерлеп сырғанаудан үш дүркін Олимпиада чемпионы, Ресей депутаты Ирина Роднина таяуда ғана Қазақстан құрамасына ойысып, сыйлыққа пәтер алып үлгірген Софья Самоделкинаға қатысты ащы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Роднинаның ойынша, спортшылар кәсіби түрде өнер көрсетеді, көбіне ақша үшін шығады, бірақ «сыйлық беріледі» деп үміттену дұрыс емес.
«Қазіргі спортшылардың барлығы кәсіби мәнсап үшін және ақшаға бола өнер көрсетеді, бірақ сыйлықтан үміттену ол мүлде бөлек дүние» деді Роднина.
Айта кетелік, Самоделкина 2023 жылы Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстанға ауысқан және 2024 жылы ел құрамасына қосылды. 2026 жылғы Ақ ойында ол 207,46 ұпай жинап, оныншы орынға ие болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или