Шавкаттың бапкері: «Рахмоновпен айқасу Ислам үшін тым қауіпті»

Шавкаттың бапкері: «Рахмоновпен айқасу Ислам үшін тым қауіпті»

Белгілі бапкер Эдуард Базров Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов пен Ислам Махачев арасындағы тартысты жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Базровтың айтуынша, бұл Ислам үшін ең күрделі һәм қауіпті сын болмақ. 

«Бұл Ислам үшін тым қауіпті айқас. Рахмонов жеңіліс дәмін татпаған, UFC-де жеті жекпе-жек өткізген, өте ауыр кездесулерді жарып шыққан файтер. Сырт алшысынан қарасаңыз, Шавкат ірілеу келген, қапсағай денелі. Бірақ әрине, Ислам – өз деңгейіндегі нөмірі бір қарсылас» деді бапкер.

Айта кетелік, Шавкат Рахмонов тізе жарақатына жасалған отадан қалпына келу үрдісін өткеріп жатқандықтан, оның нақты айқасар уақыты белгісіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или