Шавкаттың бапкері: «Рахмоновпен айқасу Ислам үшін тым қауіпті»
Белгілі бапкер Эдуард Базров Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов пен Ислам Махачев арасындағы тартысты жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Базровтың айтуынша, бұл Ислам үшін ең күрделі һәм қауіпті сын болмақ.
«Бұл Ислам үшін тым қауіпті айқас. Рахмонов жеңіліс дәмін татпаған, UFC-де жеті жекпе-жек өткізген, өте ауыр кездесулерді жарып шыққан файтер. Сырт алшысынан қарасаңыз, Шавкат ірілеу келген, қапсағай денелі. Бірақ әрине, Ислам – өз деңгейіндегі нөмірі бір қарсылас» деді бапкер.
Айта кетелік, Шавкат Рахмонов тізе жарақатына жасалған отадан қалпына келу үрдісін өткеріп жатқандықтан, оның нақты айқасар уақыты белгісіз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или