Эдуард Базров: «Шавкат титул алуға таяп қап еді… Бірақ бірінші ол алмайды»
Белгілі бапкер Эдуард Базров қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC титулын Шавкат Рахмоновтан бұрын әкелуі мүмкін деп санайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Базровдың айтуынша, Шавкат бұрыннан титулға жақын болса да, Асу қазіргі таңда қазақ спортшылары арасынан титулға табаны тиіп тұрған үміткер.
«Шавкат титул алуға таяп қап еді, бірақ оның белгілі себептермен әлі жетпеді. Қазір Асу қазақ спортшылары арасында титулға табан тіреп тұр. Қазақстанға бірінші белбеуді сол әкелуі мүмкін. Басқа талантты спортшылар да жоқ емес. Мәселен Әліби Ыдырыс пен Бекзат Алмахан. Әйткенмен қазіргі таңда Асу ең лайық спортшы» деді Базров Championat.com дереккөзінде.
Айта кетелік, Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев жарақаттарына байланысты алаңнан уақытша кетті, бірақ Асу («Зульфикар») ертерек оралуы әбден мүмкін.