Борральо Имавовты Хамзатқа лайық қарсылас деп таппады!

Борральо Имавовты Хамзатқа лайық қарсылас деп таппады!

Бразилиялық файтер Кайо Борральо орта салмақтағы чемпион Хамзат Чимаев үшін ең қауіпті қарсыласты атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чимаевпен титулдық жекпе-жекке мүдделі қос үміткер бар. Атап айтқанда, франциялық Нассурдин Имавов пен америкалық Шон Стрикленд.

Борральоның пікірінше, Имавов соққы техникасы жағынан мықты әрі жылдам болғанымен, Чимаевтың күресіне төтеп бере алмауы мүмкін. Ал Стрикленд болса, чемпионды шаршатуға және айқасты ұзаққа созуға қауқарлы-ақ.

«Имавов  - тым қағылез, әрі қауіпті соққы жұмсаушы. Бірақ Хамзаттың күресі мүлде басқа деңгейде. Сондықтан титулдық айқас Стриклендке берілгені дұрыс деп ойлаймын» деді бразилиялық спортшы.

Айта кетелік, 7 наурызда Кайо Борральо Лас-Вегаста өтетін UFC 327 турнирінде нидерландтық Ренье де Риддерге қарсы октагонға шығады.





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или