FlyArystan «Тұранды» сатып алуға қатысты ресми мәлімдеме жасады

FlyArystan «Тұранды» сатып алуға қатысты ресми мәлімдеме жасады

FlyArystan әуе компаниясы футбол клубы «Тұранды» сатып алуға қызығушылық танытқаны жөніндегі тараған ақпаратқа байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

Компания өкілдері клубты сатып алу, инвестициялау немесе Түркістанның кәсіби футбол ұжымын басқару бойынша ешқандай келіссөздердің бастамашысы болмағанын және бұл нұсқаны қарастырмайтынын атап өтті.

«FlyArystan ресми түрде мәлімдейді: әуе компаниясы «Тұран» кәсіби футбол клубын сатып алу, инвестициялау немесе басқару бойынша ешқандай келіссөздерді бастамаған, жүргізбеген әрі жоспарламаған. Компания клубты сатып алушылардың бірі деген ақпараттың кейбір БАҚ-та таралуы шындыққа жанаспайды», – делінген тасымалдаушының мәлімдемесінде айтылған.

Аукционға қатысу үшін үміткерлер 158 мың теңге кепілдік жарнасын төлеуі керек. Сауданың 3 наурызға жоспарланғаны белгілі.


Көкшелік «Оқжетпес» екі түлегін негізгі командаға қосты

ҚПЛ-ге тағы екі танымал легионер келуі мүмкін

«Ертіс» жаңа ойыншымен келісімшартқа отырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или