«Странджа» турнирі: Қазақстандық он боксшы бақ сынайтын жекпе-жектердің тікелей трансляциясы
Болгарияның София қаласында бокстан «Странджа кубогы» халықаралық турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
27 ақпанда қазақстандық боксшылардың ширек финалдық он кездесуі өтеді. Түстен кейінгі кездесу Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де, ал кешкі кездесу сағат 21:00-де басталады.
Жарыс күні қазақстандық спортшылардың қатысуымен келесі кездесулер өтеді:
Түскі сессия (сағат 17:00)
Ерлер:
50 келі. Даниял Сабит - Улас Ялчинкая (Түркия)
70 келі. Фарух Тохтасынов - Рэнди Ботикали (Германия)
55 келі. Бағлан Кенжебек - Билгүүнсайхан Хархүү (Моңғолия)
65 келі. Ертуған Зейнуллинов - Малик Гасанов (Әзірбайжан)
70 келі. Мұхаммедсабир Базарбайұлы - Лавант Браунли (АҚШ)
Кешкі сессия (21:00)
85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы - Акмалжон Исраилов (Өзбекстан)
90 келі. Дәулет Төлемісов - Джозеф Авинонгя (АҚШ)
90+ келі. Нұрлан Сапарбай - Озодбек Әлиев (Өзбекстан)
85 келі. Бекзат Танатар - Матвей Ражба (Украина)
90 келі. Нұрмағамед Юсупов - Самир Собиров (Өзбекстан).
Еске сала кетейік, Странджа кубогы осы жылы 77-ші рет өтіп жатыр. Бейресми түрде «Кіші әлем чемпионаты» деп аталатын бұл жарыс Еуропадағы ең көне бокс турнирі.
Жартылай финал 28 ақпанда, ал финал 1 наурызда өтеді.
Жекпе-жектердің тікелей трансляциясын осы сілтеме арқылы көруге болады.
Жәнібек Әлімханұлы: «Аллаға шүкір! Титул сақталды!»
Ресми: Майвезер мен Пакьяо жекпе-жек өткізеді
Данияр Елеусіновтың Zuffa Boxing-тегі жекпе-жегінің күні жарияланды