Қазақстан кубогына қатысатын барлық командалар анықталды
2026 жылғы Қазақстан кубогы 1/32 финалдан басталады. Турнирге Премьер-лига, Бірінші және Екінші лигалар және Әуесқойлар лигасының командалары қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өткен маусымда «Тобыл» бұл турнирде топ жарды.
Турнирге барлығы 32 команда қатысады.
2026 жылғы Қазақстан кубогына қатысушылар:
Премьер-лига: «Қайрат», «Астана», «Тобыл», «Елимай», «Ақтөбе», «Жеңіс», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Қызылжар», «Қайсар», «Ұлытау», «Жетісу», «Атырау», «Каспий», «Ертіс» және «Алтай».
Бірінші лига: «Шахтер», «Тұран», «Оңтүстік академиясы», «Тараз», «Жайық», «Хан-Тәңірі», «Екібастұз», «Арыс».
Екінші лига және Әуесқойлар лигасы: «Жас Қыран», «Талас», «Аңсат», «Қаршыға», «Хромтау», «БКС» және «Желаев Нан».
1/32 финалдың жеребесі бүгін сағат 15:00-де өтеді.
Турнир жеңімпазы 2027/28 жылғы Еуропа кубогы маусымына жолдама алады.
Көкшелік «Оқжетпес» екі түлегін негізгі командаға қосты